Абай құнанбай ұлы туралы Бірінші сөз Екінші сөз Үшінші сөз Төртінші сөз Бесінші сөз Алтыншы сөз Жетінші сөзі Сегізінші сөз Тоғызыншы сөз Оныншы сөз Он бірінші сөз Он екінші сөз Он үшінші сөз Он төртінші сөз Он бесінші сөз Он алтыншы сөз Он жетінші сөз Он сегізінші сөз Он тоғызыншы сөз Жиырмасыншы сөз Жиырма бірінші сөз Жиырма екінші сөз Жиырма үшінші сөз Жиырма төртінші сөз Жиырма бесінші сөз Жиырма алтыншы сөз Жиырма жетінші сөз Жиырма сегізінші сөз Жиырма тоғызыншы сөз Отызыншы сөз Отыз бірінші сөз Отыз екінші сөз Отыз үшінші сөз Отыз төртінші сөз Отыз бесінші сөз Отыз алтыншы сөз Отыз жетінші сөз Отыз сегізінші сөз Отыз тоғызыншы сөз Қырқыншы сөз Қырық бірінші сөз Қырық екінші сөз Қырық үшінші сөз Қырық төртінші сөз Қырық бесінші сөз Ғылым таппай мақтанба Әлемге танылған-абай

абай құнанбай ұлы
(1845-1904)

қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері абай Құнанбаев.

дана ақын-Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі-құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы-Ұлжан, әжесі-зере.


сегіз жасар абай өзінің зеректік қабылетымен әке көзіне ілігіп, үміт күтер, ата жолын ақтар бала болар ма деген ой салады. Міне осы себептен әкесі құнанбай абайды Семей қаласына апарып, әуелі ғабдулжаппар молдаға оқуға береді. Бұл молданың қарамағында екі жылдай оқып, мұсылманша бастауыш білім алады. Бұдан кейін, он жасар абай, бір басқыш ілгері дәрежедегі, жабық оқу орны, мешіт жанындағы діни медресеге түседі. Медресенің соңғы жылында абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі "приходская шкөлаға "түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл-абайдың орысшаны игеріп кетуіне негіз болған.


он үш жасында абайды әкесі құнанбай оқудан шығарып, ел билеу әдісін үйретеді. 60-жылдардың аяқ кезінен бастап абай аздап оқыған орысшасын өз бетімен оқу арқылы дамытып, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей Кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп кітаптар алдырады. Сөйтіп жүріп, ол 1870 жылы петербургтен жер аударылып келген жас Револиюционер Е. П. Михайелиспен кездеседі. Кітапханада л. Толстой кітабын сұрап тұрған қазақы адамды көріп таңырқаған Михайелис оған таяп келіп, жөн сұрайды. Екеуінің таныстығы осыдан басталып, кейін үлкен достыққа айналады.

бұл жылдары абай орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермөнтовтәрмен қатар Револиюционер-демөкрәттәр белинский, гертсен, Чернышевский, Добролиюбов, Сәлтіков-шшедрин, Некрәсовтәрдің және еурөпәнің ақын, ғалым, философтарының да Еңбектерімен танысып, әдеби білімін, философиялық ой-пікірін, дүниетану көзқарасын кеңейте түседі. Абай орыс әдебиеті мен публицистикасын тек оқушы, үйренуші ғана болып қойған жоқ, оларды қазақ даласына Насихаттаушы, өзінің мазмұнына түрі сай, көркем аудармалары арқылы оның идейәсі мен мазмұнын да, иестэтикалық қасиеттерін де қазақ оқушыларына дәл жеткізуші болды.


1886 жылы абай "ғылым таппай мақтанба, "интернатта оқып жүр "өлеңдерін жазды. Ақынның бұл өлеңдерінің күні бүгінге дейін мәні зор. Ақын айтқан: өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу сияқты теріс әрекеттер әлі де бар. Ал, талап, Еңбек, ғылым, қанағат, рақым да біздің қазіргі тәрбиеге дәл келеді.


абай қазақ пөйезиәсін жаңа биікке көтерді. Ол өзіне дейінгі қазақ әдебиетіндегі кемшіліктерді қайталамады. Шығыс, батыс, орыс мәдениетін өз шығармаларына үлгі етіп, сол арқылы өз өлеңдерінің сапасын жоғарылатты, ұлттық түрді сақтай отырып, оған интернационалдық нәр берді, әдебиетімізді шын өнер дәрежесіне жеткізді.


озы үстем таптан шықса да, абай бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман мұңын жырлады. Соның жарқын болашағын аңсады. Ақын адамның адамдық қасиеті Еңбекте, ғылым-былым үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп ұқты. Сондықтан елін Еңбекке, өнерге үндеді. Қазақ әйелінің бас Бостандығын жырлады.

абай қазақтың ұлттық әдебиетін мазмұны жағынан ғана емес, түр жағынан да байытты. Қазақтың әдеби тілінің негізін салды.

қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы мұхтар Әуезов абайды "қазақ пөйезиәсінің күн шуақты асқар биігі "деп орынды атаған.

QQ: 108475610, e-mail: oylan11@gmail.com tel: 18999380223
copyright © 2017 KazakhSoft 新ICP备10002278号